Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақтастағы психиатриялық ауруханаға қатысты шағым түсті: тексеру нәтижесі жарияланды

0

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысы Ақтас кентіндегі қатаң бақылаудағы мамандандырылған республикалық психиатриялық ауруханада науқастарға қатыгездік жасалды деген ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды TengriHealth.
Тексеруге Instagram-да жарияланған жазба себеп болған. Онда автор науқастардың құқығы бұзылған болуы мүмкін екенін айтып, адамдарды күштеп байлау, дәрі-дәрмекті жаза ретінде қолдану және ар-намысын қорлайтын өзге әрекеттер туралы жазған.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігі жазба авторы 2008 жылы аурухананың 7, 10 және 12-бөлімдерінде жатқан кезде болған оқиғаларды баяндағанын айтты. Оның жеке деректері жарияланымда көрсетілмеген.
Осы жазбадан кейін Алматы облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті мекемеде тексеру жүргізген. Мамандар медициналық көмек көрсету кезінде заң талаптарының сақталуын, психикалық денсаулық саласындағы көмектің сапасын және науқастардың дәрі-дәрмекпен қамтылуын қараған.

"Науқастарды күштеп таңу, дәрі-дәрмекті ықпал ету құралы ретінде пайдалану және олардың ар-намысына тиетін өзге әрекеттер туралы мәліметтер расталмады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

7 тамызда аяқталған тексеру қорытындысы бойынша бұл мәліметтер расталған жоқ.
Денсаулық сақтау министрлігі көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.
Мән-жай
Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде қатаң бақылаудағы мамандандырылған республикалық психиатриялық ауруханада жатқан науқастардың жағдайына қатысты шағымдар тараған. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі мекемеде кешенді тексеру жүргізілетінін хабарлады. Ведомство мамандар медициналық құжаттарды, науқастардың жату және ем алу жағдайын, аурухана қызметкерлерінің әрекетін және азаматтардың құқықтарының сақталуын тексеретінін мәлімдеген еді.
Бұл - Қазақстандағы осындай үлгідегі жалғыз психиатриялық аурухана. Мұнда сот шешімімен мәжбүрлі түрде ем қабылдайтын адамдар жатады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханадағы науқастардың 80 пайыздан астамы бұған дейін адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Мекемеде емдеу мен қауіпсіздікті қатар қамтамасыз ететін ерекше тәртіп қолданылады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России