Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Дәстүрге қол сұғу: Лондонда пабтарда алкогольді “тік тұрып ішуге“ тыйым салынбақ

0
Лондон билігі Сохо мен Вест-Энд аудандарындағы пабтарға іште тік тұрып ішетін адамдар санын шектеуді ұсынды. Лондондықтар бар сөресінің жанында тұрып ішу секілді ежелгі дәстүрдің бұзылуына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Барменнің назарын аударып, бір пинта сыраға тапсырыс беру үшін сөре жанында күту, танысу, араласу, содан кейін достармен серуендеу - британдықтар ғасырлар бойы пабқа осылай баруға дағдыланған.
Алайда Еуропадағы түнгі өмірдің ең қайнаған аудандары - Сохо мен Вест-Эндке жауапты Вестминстер кеңесі лицензиялау саясатының жаңа жобасында "тік тұрып ішімдік ішуге" немесе бар сөресінде тамаққа тапсырыс беруге рұқсат бермеуді ұсынды.
Лондон мэрі Садик Хан бұл "шектеуші және экономикаға қарсы шараларды" сынға алып, үкімет берген жаңа өкілеттіктерді жергілікті кеңестердің өз билігін осылайша асыра пайдалануына жол бермеу үшін қолданудан үмітті екенін мәлімдеді.
Жаңа саясат талқылауға шығарылып, Вестминстер тұрғындары мен қонақтарынан пікір сұрап жатыр.

"Лицензияға өтінім беретін пабтар ішімдікке салынуды болдырмауы және көп адам тік тұрып ішетін ашық барлардың орнына, келушілер отырып сусын ішіп, үстелден тамаққа тапсырыс бере алатындай орындар санын көбейтуге ықпал етуі тиіс", - делінген құжатта.

Сондай-ақ ішімдік пен тағамды "тек даяшылар ғана" сатуы тиіс деп ұсынылған.

"Тік тұрып ішімдік ішу - бұл адамдардың алдын ала белгіленген топтармен шектелмей, өз қалауынша араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік үрдіс. Демек, бұл дәстүрлі пабтан дәстүрлі паб сияқты әрекет етпеуді және адамдардан тек өздері келген топта қалуды талап ету деген сөз. Бұл қауымдастықтың бірлігін арттыратын орын ретіндегі пабтардың этикасына қайшы келеді", - деп түсіндірді биліктің шешімін лицензиялау мәселелері жөніндегі жетекші заңгер Филип Колвин.


Лондондағы ойын-сауық мекемелерін ретке келтіру ісімен 1972 жылы "Сохоның сипатын сақтау" мақсатында құрылған "Сохо қоғамы" тобы айналыса бастады. Осы жазда өткен жыл сайынғы жалпы жиналыста топ жаңа лицензиялық мандат үшін дауыс берді, оған сәйкес олар осы ауданда ашылатын барлық жаңа барлар мен мейрамханаларға, соның ішінде қолданыстағы лицензияларды қайта қарауға қарсылық білдіреді. Сондай-ақ топ Вестминстер кеңесінің қаулысы бойынша қызмет түрі мен апта күніне байланысты сағат 22:30-дан түн ортасына дейін аяқталатын "негізгі жұмыс уақытынан" кейін жұмыс істегісі келетін кез келген мекемеге қарсы шығады.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России