Астана орталығында Арқар көпірі бірнеше күнге жабылады
Астана орталығындағы Арқар көпірі бірнеше күнге жабылады. Көпірде деформациялық тігісті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 11-17 тамыз аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Бұл учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Астанадағы жабық жолдар
Алаш тасжолы - 5-25 тамыз аралығында жабық. Себебі - салмақ өлшеу датчиктеріне арналған бетон жабынын төсеу жұмыстары;Астана - Қарағанды тасжолының учаскесі 29 шілде мен 12 тамыз аралығында жабық (Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаске).
Тағы оқыңыз: Алматыда Канье Уэст концерті өтетін күні қай көшелер жабылады?
