Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengri Auto.
Шектеу 12 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 10:00-ге дейін күшінде болады. Бұл уақыт аралығында Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.
Схема: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіӘкімдік жүргізушілерден жүретін бағытын жоспарлау кезінде шектеуді алдын ала ескеруді сұрайды. Жұмыс жүргізілетін жерде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген ақпараттық стенд орнатылады.
Естеріңізге сала кетейік, қалада Канье Уэсттің концертіне байланысты бірнеше көшені жабу жоспарланған.
Көлік қозғалысы 14 тамызда сағат 16:00-ден 00:00-ге дейін мына көшелерде шектеледі:
Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралығында;Байтұрсынов көшесінің Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі аралығында.
Алматыда Канье Уэсттің (Ye) концерті 2026 жылғы 14 тамызда сағат 21:00-де Орталық стадионда өтеді.
Тағы оқыңыз: Алматыда автобустар мен троллейбустардың қозғалыс сызбасы бір күнге өзгереді
