Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астананың қақ ортасында жаңа саябақ бой көтерді

0

Астанада Ақорда, Құрылтай және Үкімет ғимараттарының маңында жаңа қоғамдық кеңістік жасақталды. Tengrinews.kz тілшілері шағын саябақты аралап көрді.
Бұған дейін бұл аумақтың басым бөлігіне тас төселген еді.Қазір бұл жердің келбеті едәуір өзгерген. Астана қаласының Құрылыс басқармасының мәліметінше, жұмыстар көгалдандырылған аумақты ұлғайтып, елорданың әкімшілік орталығын абаттандыруға бағытталған.

"Жобаның басты мақсаты - елорданың негізгі әкімшілік ғимараттары орналасқан аумақты бұрынғы айбарын сақтай отырып, тұрғындар үшін жайлы, жасыл әрі заманауи кеңістікке айналдыру", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапта.

Астанадағы Үкімет үйінің алдындағы алаң. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев Ақорда маңындағы саябақ, баспалдақ жағынан көрінісі. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев Астананың әкімшілік орталығын көгалдандыру. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев Мұнда 1 300-ге жуық ағаш, 69 мыңнан аса көшет мен көпжылдық өсімдіктер егілді.
Жасыл желектер. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев
Көпжылдық гүлдер. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Аумақта жаяу жүргіншілер жолы салынып, жарық шамдары мен өзге де қажет абаттандыру элементтері орнатылды.
Жаңа саябақ. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Сондай-ақ, гүлзар ішінен субұрқақтарды да байқадық.
Субұрқақтар. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Кеңістікті құру кезінде жасыл желектерді көбейтуге, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасауға және жаңа көгалдандыру жұмыстарының әкімшілік орталықтың қолданыстағы архитектуралық ансамбліне үйлесімді болуына ерекше көңіл бөлінді", — деп толықтырды құрылыс басқармасы өкілдері.

Жаңа аумақ Астана тұрғындары мен қонақтарының, соның ішінде туристердің серуендеуіне арналған.
Ақорда мен Үкімет ғимараттары. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев Құрылыс басқармасы Үкімет пен Құрылтай ғимараттарына баратын жаяу жүргіншілер көпірінің кіреберісіне орнатылған қақпалардың мақсатын да түсіндірді.Әкімшілік ғимараттар. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Ведомствоның айтуынша, қақпалар - инженерлік инфрақұрылым элементтері. Олар тек қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және уәкілетті қызметтердің іс-шаралар өткізуіне байланысты жекелеген жағдайларда жабылады.
Мәжіліс пен Сенаттың бұрынғы ғимараттары. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев Мамандар қақпалардың күнделікті уақытта әрдайым ашық болатынын, сондықтан жаяу жүргіншілер еркін өте алатынын айтып сендірді.Қылқан жапырақты ағаштар. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Астананың сол жағалауы. Фото © Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев
Басқарма өкілдерінің айтуынша, мұндай шешім қоғамдық кеңістікті күнделікті еркін пайдалануға кедергі келтірмей, қауіпсіздік талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Астана әкімдігі биыл қаланың барлық ауданында 173 қоғамдық және аула кеңістігін абаттандыру жоспарланғанын хабарлаған. Олардың қатарында саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар, жағалаулар мен жаяу жүргіншілер аймақтары бар.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России