Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Оқу-ағарту министріне 140 мың теңге жалақы туралы сұрақ қойылды

0

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтер жалақысының төмендігіне қатысты мәселе барын мойындады. Бұл туралы оған Үкіметте өткен брифингте сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шенеунікке: "Қиын жасөспірімдермен және әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балалармен жұмыс істейтін мамандардың еңбеақысы қаншалықты лайықты?" - деген сұрақ қойылды.
Атап айтқанда, журналист мектеп психологы 140 мың теңге, әлеуметтік педагог 85 мың теңге және инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмысы үшін 18 мың теңге көлемінде қосымша ақы алатыны туралы деректерді келтірді.

"Иә, бұл мәселе бар және ол жүйелі сипатқа ие. Бұл педагогикалық қызметкерлердің жалақысы № 1193 қаулымен реттеледі. Біз өзгеріс енгізу бойынша ұсынысты бірнеше жолдадық", - деп жауап берді Сүлейменова.

Бұл ретте министр әлеуметтік педагогтің аталған жалақы мөлшері қазір ондай емес екенін нақтылады.

"Қазір әлеуметтік педагогтің жалақысы 118 мың теңге. Біз жақында ғана бұл мәселені қарастырдық", - деді ол.

Сүлейменованың айтуынша, министрлік үшін мектеп психологтарының еңбекақысы мәселесі басым бағыттардың бірі болып отыр. Биыл олар жаңадан енгізілген "Жеке қауіпсіздік" курсынан сабақ бере алады.

"Психологтардың жалақысына келетін болсақ: жаңа курс аясында оларда қосымша сағаттар пайда болады, демек, қосымша еңбекақы да төленеді", - деп түсіндірді министр.

Бұдан бөлек, Сүлейменоваға инклюзивті білім беру жағдайындағы жұмыс үшін төленетін үстемеақыны көбейту жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойылды.

"Биыл біз инклюзивті білім беру стратегиясын өзгерттік. Онда үстемеақы қарастырылған және ол біршама жоғары болады. Бірақ бұл мәселе келесі қаржы жылын қалыптастыру кезінде қаралады. Біз бұл мәселемен Қаржы министрлігіне шығып, келісеміз", - деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің басшысы.

Мектеп психологтарының жалақысы мәселесі бұған дейін де көтерілген болатын. 2023 жылы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтың орташа айлық жалақысы еңбек өтіліне, біліктілігіне және басқа да факторларға байланысты 145 мыңнан 306 мың теңгеге дейін екенін хабарлаған еді.
Жақында Қаржы министрлігі 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Құжатта Қазақстанда 2027 жылға жоспарланған ең төменгі жалақы мөлшері көрсетілген.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России