Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Ұял“ және “Сәлем сал“: жетісайлық лабрадор қазақ тілін түсінуімен Қазнетті таңғалдырды

0
Челси есімді лабрадор Казнеттің жұлдызына айналды. Ит қазақ тіліндегі командаларға бірден жауап беріп, даладағы күшіктерге ерекше қамқорлық танытқан қысқа бейнероликтер әлеуметтік желіде мыңдаған қаралым жинап жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Осыдан бес жыл бұрын Челсиді інісіне сыйға тартқан
Лабрадор Челси мен оның иесі Камаладин Абдуллаевтың достық хикаясы бес жыл бұрын басталған.

"2021 жылы әкеміз қайтыс болып, мен Челсиді ініме дос болсын деп Жетісайдан сыйлыққа алып келдім. Бірақ інім онымен бір айдай ойнап, кейін қызығушылығы азайды. Челси екі жасқа дейін кәдімгі ит сияқты өмір сүрді, көп уақытын қоршауда өткізді. Кейін оны аяп кетіп, тәрбиесімен және жаттығуымен белсенді айналысуды жөн көрдім", - дейді Камаладин.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым авторы: Камаладин Абдуллаев (@labrachelsi)


Кейін иесі TikTok пен Instagram-да блог жүргізе бастап, үй жануары түскен видеоларды жүктейді. Тікелей эфирлерде оқырмандар Камаладиннің төрт аяқты досымен қазақ тілінде сөйлесетініне назар аударып, Челсиге командаларды ана тілінде үйретіп көруді ұсынады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым авторы: Камаладин Абдуллаев (@labrachelsi)


Ит қазақша командаларды тез меңгеріп алды
Бастапқыда Челси "отыр", "жат", "тұр" сияқты негізгі командаларды орыс тілінде меңгергенімен, жаңа нәтиже көп күттірген жоқ. Бұл идея өте сәтті болып шықты: ит жаңа командаларды тез үйреніп, оның әрекеті түсірілген роликтер Қазнетте тез танымал болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым авторы: Камаладин Абдуллаев (@labrachelsi)


Челси үшін алғашқы қазақша командалар "Ұял" және "Сәлем сал" болды. Жаңа сөздерді толық меңгеріп, сенімді түрде түсіне бастауы үшін лабрадорға небәрі бір айлық тұрақты жаттығу жеткілікті болды.
Челси дала күшіктеріне көмектеседі
Иесінің айтуынша, Челсидің басты қасиеті - жанашырлық пен мейірімділік.

"Челси күшіктегеннен кейін бір апта өткен соң серуенге шықтық, сол кезде даладағы күшіктердің қыңсылағанын естідік. Челси бірден оларға қарай жүгіріп барып, емізе бастады. Бізде мұндай видеолардың тұтас топтамасы бар - ол серуен кезінде үнемі дала күшіктерін тауып алып, оларға көмектесуім үшін маған көрсетіп тұрады", - деп бөлісті Камаладин.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Жарияланым авторы: Камаладин Абдуллаев (@labrachelsi)


Камаладин Абдуллаевтың өзі мамандығы бойынша заңгер. Ол 25 жаста, Жетісайда тұрады. Қазір жігіт кәсіби түрде ит үйретумен айналысады және өзге үй жануарларын тек қазақ тілінде жаттықтырады.
Әлеуметтік желідегі танымалдылығына, шенеуніктер мен кәсіпкерлердің назарына қарамастан, Камаладиннің әзірге өз баспанасы жоқ. Ол үй жануарларымен бірге пәтер жалдап тұрады және бірнеше итпен бір үйден екінші үйге көшу кезінде жиі қиындықтарға тап болады.
Осыған қарамастан, ол алған бетінен қайтпақ емес. Камаладиннің алдағы жоспарында - жануарларға арналған панажайлар ашу және ауру әрі қараусыз қалған жануарларды құтқару бар.
Бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда үй жануарларына жиі қойылатын лақапаттарды атаған болатын.
Тағы оқыңыз: “Ит қой“. Қазақстанда неге жануарларға қатыгездік тыйылмай тұр?






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России