Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық әйел күйеуінің меншік құқығына байланысты тұрғын үй кезегінен шығып қала жаздады

0

Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қазақстандықтың әкімшілік талап арызын қарады. Әйел өзiнiң тұрғын үй құқықтарын қорғауды сұраған, деп хабарлайды Tengri Home соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылы ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаждар есебіне қойылып, "Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша кезекке енгізілген.
Кейін азаматтарды тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою және мемлекеттік қолдау шараларын бөлу функциялары "Отбасы банкке" берілді.

"2026 жылы жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша талап қоюшының жұбайының атында жылжымайтын мүлікке тіркелген меншік құқығының бар екендігі анықталуына байланысты банк К.-ға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді тоқтатты", - деп хабарлады сот істің мән-жайын.

Сот банктің мұндай шараны қолдануы заңда көзделмегенін анықтады.

"Сонымен қатар заңнамада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алғанға дейін, заңның 73-бабы 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген мән-жайлар туындағанына қарамастан, есептен шығаруға тыйым салынған. Аталған норма императивтік сипатқа ие. Осылайша, К.-ға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын негізсіз тоқтату оның тұрғын үй құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан", - деп толықтырды сот.

Банктің әрекеті заңсыз деп танылды. Сот талап қоюшының мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығын қалпына келтіріп, оның есепке қойылған бастапқы күнін сақтап қалды. Шешім заңды күшіне енді.
Бұған дейін қазақстандықтың 10 жылдан кейін әжесінің мұрасына құқығын қалай қалпына келтіргені туралы жазған болатынбыз. Үй ағасына өтті деп ойлаған қыз өзінің үй иесі болуына мүмкіндік беретін жағдайлар бар екенін білмеген. Соттың мән-жайын мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Жұбайының учаскесіне үй салынған. Ажырасу кезінде жылжымайтын мүлікті қалай бөлуге болады?







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России