Алматыдағы қала күні: 19 және 20 қыркүйекте қайда баруға болады?
Алматы қала күнін атап өтуге дайындалып жатыр. Негізгі мерекелік шаралар 19 және 20 қыркүйекте өтеді, ал бір ай ішінде қалада 300-ге жуық іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды Tengri Life.
Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, басты шаралар бес алаңда: Астана алаңында, Абай алаңында, Панфилов және Жібек жолы көшелерінде, сондай-ақ "Алатау" дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңда өтеді.
Абай алаңы
Мерекелік шаралар өтетін негізгі орындардың бірі Абай алаңы болмақ. Мұнда екі күн бойы концерттер, әртістердің өнер көрсетуі мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Сондай-ақ алаңда Otbasy Fest жалауын желбіретеді. Қонақтар үшін бірнеше тақырыптық аймақ: "Алма аймағы", "Шеберлер қалашығы", балалар және AI & ROBOT аймақтары, сонымен қатар фуд-корт пен крафт ойындары локациясы дайындалады.
19 қыркүйек
11:00–12:00 - "Алматының Құрметті азаматы" атағын тапсыру рәсімі;
12:00–13:30 - "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің "Алматым жүрегімде" атты концерттік бағдарламасы;
13:30–15:00 - Қазақ мемлекеттік циркінің бағдарламасы;
15:00–16:00 - ASU фольклорлық-этнографиялық ұжымының "Алматы әуені" концерттік бағдарламасы;
16:00–17:50 - "Алатау" дәстүрлі өнер театрының "Ару қала - Алматы" атты концерттік бағдарламасы;
18:00–18:30 - DJ-бағдарлама;
18:30–19:00 - Ratovich-тің концерттік бағдарламасы;
19:15–21:30 - Best of NE PROSTO ORCHESTRA концерттік бағдарламасы.
20 қыркүйек
12:00–13:00 - Медеу ауданы әкімдігінің "Алматы, менің Алматым" атты концерттік бағдарламасы;
13:00–14:00 - "Алатау" дәстүрлі өнер театрының "Ән тербеген Алматы" атты концерттік бағдарламасы;
14:00–15:00 - DJ-бағдарлама;
15:00–17:00 - Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының "Жырлайды Алматы" атты концерттік бағдарламасы;
17:00–18:00 - Ә.Әшімов театрының "Алматы - махаббатым" атты музыкалық спектаклі;
18:00–19:00 - DJ-бағдарлама;
19:00–19:40 - D Billions музыкалық бағдарламасы;
19:50–22:00 - "Алматы әуендері" солистерінің "Ән қанатым - Алматы" атты концерттік бағдарламасы.
Астана алаңы
Астана алаңында қонақтарды ірі екі музыкалық бағдарлама күтеді. Күндіз қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, ал кешке Almaty Vibes музыкалық фестивалі өтеді.
Ал 20 қыркүйекте Роза Рымбаева, DJ Imanbek, "Дос-Мұқасан" және басқа да әртістер өнер көрсетеді.
19 қыркүйек
Сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін алаңда мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Жүргізушілер - Дидар Кәден және Шапағат Ерғазина. Сахнада "Сенім" хоры, домбырашылар ансамблі, жетігеншілер ансамблі, Bibi вокалдық студиясы, 4VIBE триосы, "Руханият серілері", "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі, Дана Максимова, Райым Уайыс, "Әдемі-ай" дуэті, Сейфуллин Жолбарыс, "Рабат" этно-фьюжн ансамблі, Құдайберген Бекіш, Еркебұлан Құмаров, "Астра" тобы және Muzart Life өнер көрсетеді.
Сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін Almaty Vibes музыкалық фестивалі өтеді. Жүргізушілер - Dake ZZ және Анар Батырхан. Сахна төріне Мақпал Жүнісова, Nurbullin, BayanSulu, Мирас Жүгінісов, Akimmmich & BIMO, KALIFARNIYA, ALPHA, Ерке Есмахан, 6ellucci, Сара Амангелді, Айдана Меденова, AYREE, SANZHAR, ADEMI-AI, "404" тобы, KAINAR, Өктем Алтаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев және Жандос Қаржаубай шығады.
20 қыркүйек
Сағат 18:00-ден 22:30-ға дейін Almaty Zhuldyzy музыкалық фестивалі өтеді. Жүргізушілер - Ғалымжан Кеңшілік және Балауса Ерғалина. Сахнада Азамат Төрехан, Amalyat, RAY, Жасұлан Көпберген, Дана Кентай, Baxa SM, Еркеш Хасен, Kesh You тобы, ILHAN, Айжан Нұрмағамбетова, "Дос-Мұқасан" ансамблі, Роза Рымбаева және "Ялла" тобы өнер көрсетеді. Кештің хэдлайнері - DJ IMANBEK.
Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі
Панфилов көшесінде бірнеше тақырыптық аймақ: балалар мен этно-аймақтар, эко- және кинолокациялар, Digital- және спорт аймақтары, сондай-ақ фуд-корт орналасады.
Басты оқиға - жыл сайынғы екі күндік Alma Qala Fest болмақ, онда диқандар Алматының 200 тоннадан астам атақты апортын сатылымға шығарады.
19 қыркүйек
Сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Т. Жүргенов атындағы академия алаңында мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Сахнада Мәди Рымбаев, Әли Оқапов, Нұрғалым Аманбай, Нұрмұхаммед Жақып, Ақерке Амалят, Кәрім Мутурғанов, Талғат Күзембаев, Жас-Мұқасан, ILIGAI және "Трансформация" өнер көрсетеді. Сондай-ақ бағдарламада орындықтардағы эквилибр мен от шоуы жоспарланған.
20 қыркүйек
Сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Т. Жүргенов атындағы академия алаңында мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Қонақтар үшін Алмагүл Батталиева, Санат Асуат, Дана Максимова, DARO, Нұрайым Гимран, Аружан Бекболат, KHAZAR, Миржан Жидебай, Римма Ахметова және Кәрім Мутурғанов өнер көрсетеді. Сондай-ақ иллюзия шоуы, эквилибр және жонглерлік қойылымдар жоспарланған.
Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшесі
Жібек жолы көшесінің жаяу жүргіншілер аймағында дәстүрлі Kitap Fest өтеді. 50-ден астам баспа мен кітап дүкені жаңа туындылары мен бестселлерлерін ұсынады.
19 қыркүйек
Сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Жүргізушісі - Нұржан Әбубәкір. Сахнада RABAT этно-фьюжн тобы, иммерсив қуыршақ театры, LIVE BAND ROCKN ROLLA, "Тотальный театр", KODI, Дана Максимова және Baxa SM өнер көрсетеді.
20 қыркүйек
Сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін мерекелік концерттік бағдарлама өтеді. Жүргізушісі - Райымбек Бекет. Сахнада LIVE BAND ROCKN ROLLA, иммерсив қуыршақ театры, RABAT этно-фьюжн тобы, Әлем Құсайынова, Райым Уайыс, Диана Майер, Азамат Төрехан, Sera, Әлихан Байсұлтан, Назигүл Әліқұлова, Нұрдәулет Карлов, Нұрбол Нұржан, Aru YESS және ASTRA тобы өнер көрсетеді.
"Алатау" дәстүрлі өнер театры алаңы
Бұл алаңда екі күн бойы қазақстандық музыка мен дәстүрлі өнерге арналған шаралар өтеді. 19 қыркүйекте танымал орындаушылар мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің қатысуымен үлкен мерекелік концерт, ал 20 қыркүйекте "Алатау" театрының "Алматыға махаббатпен" атты концерттік бағдарламасы ұсынылады.
19 қыркүйек
Сағат 19:00-де "Ән мен күйдің бесігі" атты мерекелік концерт өтеді. Сахнада Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Айгүл Үлкенбаева, Еркін Шүкіманов, Арман Жүдебаев, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Ұлжан Байбосынова, Амангелді Күзебай, Батыржан Мықтыбаев, Мұрат Әбуғазы, Аққалқа Ахметова, Санат Исаев, Қанат Әмірханов, Салтанат Құдайбергенова, Абай Қойшыбаев, Шолпан Даржанова, Талғат Әбуғазы, Қазбек Мақпал, Гүлім Арыспаева, Біржан Базылжанов және Нұрболат Ұзақбай өнер көрсетеді. Сондай-ақ дирижер Тілепберген Әбілайдың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді.
20 қыркүйек
Сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін "Алатау" дәстүрлі өнер театрының "Алматыға махаббатпен" атты мерекелік концерттік бағдарламасы өтеді.
Алматыда қала күні қашан атап өтіледі?
Алматының қала күні қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 2026 жылы бұл күн 20 қыркүйекке сәйкес келеді.
Бұл ретте негізгі мерекелік іс-шаралар 19 қыркүйекте басталып, екі күнге созылады. Бағдарламада концерттер, фестивальдер, кітап жәрмеңкесі, отбасылық және спорттық алаңдар, сондай-ақ танымал қазақстандық әртістердің өнері қарастырылған.
Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар 2026 жылғы қыркүйекте 8 күн демалады
