Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Рыбакина - Соболенко: US Open финалын қашан және қайдан көруге болады?

0
12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open финалында Арина Соболенкомен кездеседі. Бұл теннисшілер арасындағы 18-кездесу болмақ, - деп хабарлайды Tengri Sport.Әзірге жеке кездесулер есебінде Беларусь өкілі алда - 10:7.
Бұл матч Еленаның WTA live-рейтингінде Соболенкодан жоғары тұрған тұста өтетін алғашқы кездесу болмақ.
Финал нәтижесіне қарамастан, Рыбакина турнир қорытындысы бойынша әлемдік рейтингтің бірінші орнын сақтап қалады.
Матч қашан және қайдан көрсетіледі?
Елена Рыбакина мен Арина Соболенко арасындағы финал 12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады.Қазақстандық телеарналар US Open додасын тікелей эфирде көрсетпейді. Алайда матчті Eurosport арнасынан көруге болады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Рыбакина жетістігін одан әрі еселей алады
Еске салайық, қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін мансабында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ол WTA live-рейтингінде Арина Соболенкодан озды.
US Open бұған дейін Рыбакинаға бағынған емес. Ол осы турнирде ширек финалға да жетіп көрмеген.
Еленаның еншісінде қазір "Үлкен дулыға" санатындағы екі атақ бар - Уимблдон мен Australian Open. Биыл Мельбурнда өткен турнирдің финалында ол дәл осы Арина Соболенконы жеңген еді.
АҚШ-тағы жеңіс Рыбакинаның WTA әлемдік рейтингіндегі көшбасшылығын одан әрі нығайтып, қоржынына тағы бір ірі жүлде қосуға мүмкіндік береді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России