Астанада бес қабатты ғимарат өртеніп жатыр - видео
Астанада салынып жатқан ғимарат өртенді. Қала тұрғындары оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқырмандар редакцияға Астанадағы өрттің фотосы мен видеосын жолдады.
Оқырмандардың фотосы
Кадрлардан Сол жағалау ауданындағы қара түтінді көруге болады.
Оқырмандардың фотосы
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртсөндірушілер Есіл ауданы, Ақмешіт көшесіндегі салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағындағы өртті сөндіріп жатыр.
Алдын ала ақпарат бойынша, ғимараттың шатыры өртеніп жатыр. Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру жасақтары жетті. Өрт жоғары дәреже бойынша сөндіріліп жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
