Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономика қатарына кірді

0

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономика қатарына кірді. World Competitiveness Ranking 2026 рейтингін Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD) әзірледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Рейтинг елдердің экономика мен бизнестің тұрақты дамуына жағдай жасау қабілетін бағалайды. Қазақстан бұл тізімде 38-орынға тұрақтады.
Қазақстан қандай көрсеткіштер бойынша үздік нәтиже көрсетті?
Зерттеуде елдердің бәсекеге қабілеттілігі төрт негізгі бағыт бойынша бағаланады: экономиканың жай-күйі, мемлекеттік басқарудың тиімділігі, бизнестің тиімділігі және инфрақұрылым. Рейтингті құру кезінде статистикалық көрсеткіштер мен компания басшылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі пайдаланылады.
IMD ұсынған Қазақстан профилінде елдің жиырма бағыт бойынша позициясы жеке көрсетілген. Ең жоғары нәтижелер қатарында:

салық саясаты - 9-орын;
халықаралық сауда - 19-орын;
еңбек нарығы - 20-орын;
басқару тәжірибесі - 20-орын;
бизнестегі құндылықтар мен ұстанымдар - 20-орын;
жұмыспен қамту - 26-орын;
институционалдық орта - 29-орын;
өнімділік пен тиімділік - 32-орын;
ішкі экономика - 33-орын.

IMD рейтингі
Халық саны 20 миллионнан асатын елдер арасында Қазақстан 15-орынға ие болды. Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері тобында республика 25-сатыға жайғасты.
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері
Сондай-ақ зерттеу авторлары елдің негізгі макроэкономикалық деректерін де келтірген. 2025 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) көлемі 306,2 миллиард долларға бағаланды, ал ЖІӨ-нің нақты өсімі 6,5 пайыз болды. Экономикалық өсу қарқыны бойынша Қазақстан қарастырылған экономикалар арасында 6-орын алды.
Жан басына шаққандағы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ 45 286 долларға жетті. Жұмыс күшінің саны 9,77 миллион адамға бағаланып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болды.
Сарапшылар Қазақстанның 2026 жылға арналған негізгі міндеттері қатарында мемлекеттік басқаруға жасанды интеллект технологияларын енгізуді, заманауи жоғары технологиялық өндірістерге сапалы инвестициялар тартуды, елдің транзиттік әлеуетін дамытуды, кәсіптік білім беруді реформалауды және жасанды интеллектіні қолдана отырып, су ресурстарын басқарудың заманауи жүйесіне көшуді атап өтті.
IMD World Competitiveness рейтингі 38 жылдан бері жарияланып келеді. Бағалау кезінде халықаралық, ұлттық және аймақтық ұйымдардың статистикалық деректері де, бизнес басшыларының сауалнама нәтижесі де ескеріледі. 2026 жылы сауалнамаға 6 900-ге жуық топ-менеджер қатысты.
Бұған дейін S&P Global Ratings агенттігі Қазақстан банк секторының елдік тәуекелдерге берілетін BICRA бағасы жақсарғанын хабарлаған болатын. "Салалық тәуекел" бағасы "7"-ден "6"-ға дейін көтерілді. Сонымен қатар "экономикалық тәуекел" бойынша болжам "тұрақтыдан" "оңға" өзгертілді.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России