Тұман ба, әлде түтін бе? Екібастұз тұрғындары шағымын айтты
Әлеуметтік желілерде Екібастұз тұрғындары көліктерге, пәтер терезелеріне, тіпті асүйдегі үстелге қара күйе қалай шөгіп жатқанын көрсетіп жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация: Экибас в Теме ???? | ???????????????????????????????? ™ (@ekibas_v_teme)
"Кейде терезені ашсаң, иіс жоқ сияқты көрінеді, бірақ кейін бөлмені қолқаны қабатын жағымсыз иіс басады. Еден мен жиһазға күл мен күйе ұшқындары шөгеді. Балалар үйде жүргенде, аяқтары көмір басып жүргендей қап-қара болып кетеді. Немен тыныс алып жатқанымызды елестетудің өзі қорқынышты", - делінген Екібастұз тұрғындарының жарияланымдарында. Жергілікті тұрғын Виталий Нефедов қаланы басатын көк түтінді жиі тұманмен шатастыруға болатынын айтады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Виталий С. Нефедовтың жарияланымы. Екібастұз блогы nefedovvekb ekb (@nefedovv.ekb)
"Бірақ көк түтін - бір реттік мәселе, бастысы - қаланы басып жатқан қара шаң мен күйе. Біз оны көліктер мен терезе алдынан көріп отырмыз. Мұндай күл тек МАЭС немесе ЖЭО-дан болуы мүмкін. Бірақ ЖЭО жаз бойы минималды режимде жұмыс істеді", - дейді екібастұздық тұрғын.
Қалалықтардың әлеуметтік желілердегі кейінгі шағымдарынан кейін экологтар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен бірлесіп ауа мониторингін жүргізді, бірақ ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерден асуын анықтаған жоқ. "Қазгидромет" бекеттері де ШРМ асуын тіркемеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Виталий С. Нефедовтың жарияланымы. Екібастұз блогы nefedovvekb ekb (@nefedovv.ekb)
Мамандар көк түтіннің пайда болуын желсіз ауа райымен және разрездердегі көмірдің эндогендік өздігінен жануымен түсіндіреді.
"Көмір тотығып, температура көтеріледі де, ол жана бастайды. "Ангренсор Энерго" АҚ разрезінде ол жанып жатқанына екі апта болды. Біз ұйғарым берген болатынбыз. Қазір көмір разрезі үйінділеріндегі эндогендік жану фактілері бойынша тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі бойынша әкімшілік шаралар қолданылады", - деп пікір білдірді Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облысы бойынша экология департаментінің бөлім басшысы Жомарт Кәрімов.
Ведомство күйе көзі жергілікті электр станциялары болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды. Олардың бірін экологтар биыл тамызда тексерген.
"Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ні тексеру нәтижесі бойынша көміртек оксиді бойынша шығарындылар нормативтерінің асуы, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы талаптардың бұзылуы, соның ішінде оларды экологиялық рұқсатсыз жинақтау фактілері анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жалпы соммасы 140 миллион теңгеден астам әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады Павлодар облысының экология департаменті.
Алайда МАЭС-1 тексеріс нәтижесімен келіспей, өңірлік экология департаментінің әрекетіне Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне шағымданды, сондай-ақ әкімшілік материалдарды сотқа беру туралы өтініш білдірді.
Бұл ретте экологтар тұрғындардың жаңа ферроқорытпа зауытына қатысты күдігін сейілтті.
"Ол жерде түтін жоқ деуге болады, өйткені онда заманауи, қуатты тазарту жүйесі орнатылған. Біз оны зерттедік. Ол жерден шығып жатқан - бу. Сол қою буды адамдар түтін немесе зиянды шығарынды деп ойлайды, бірақ олай емес", - деп сендірді Кәрімов.
Бұл ретте экология департаменті қалалықтар әлеуметтік желіде белсенді шағымданғанына қарамастан, Екібастұз тұрғындарынан әзірге ресми жазбаша өтініш түспегенін атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
«ЕкіБабка айтты» (@ekibas_babka) парақшасынан жарияланым
