Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Аңызға айналған боксшы өмірден озды: ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген

0
Мұхаммед Әлидің қарсыластарының бірі, аңызға айналған канадалық боксшы Джордж Чувало 89 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Tengri Sport Торонтодағы SULLY’S BOXING GYM клубына сілтеме жасап.
Өлім себебі жарияланған жоқ, әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер өзінің туған күні - 12 қыркүйекте қайтыс болғаны нақтыланды.
Чувало 1956-1978 жылдар аралығында кәсіпқой рингте 93 жекпе-жек өткізіп, 73 кездесуде жеңіске жеткен. Ол бірде-бір рет нокдаунға түспегені үшін тарихтағы ең төзімді файтерлердің бірі саналады. Боксшының екі рет мерзімінен бұрын жеңілуі төрешілердің жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеуімен байланысты болған, бірақ сол сәттерде Чувало аяғында тік тұрған еді.
Оның аңызға айналуының басты мысалы - Мұхаммед Әлимен өткен екі жекпе-жегі (1966 және 1972 жылдары). Чуваломен алғашқы кездесуіне дейін Әли қатарынан төрт рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын, ал канадалық боксшы басқа қарсыластың бас тартуына байланысты жекпе-жекке небәрі екі апта қалғанда рингке шығуға келіскен.
Екі жекпе-жек те төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен канадалықтың жеңілісімен аяқталды. Бірінші кездесуден кейін Әли Чувалоны өз мансабындағы ең төзімді қарсылас деп атады.

"Бәрі аяқталғанда Әли ауруханаға түсті. Оның денесі қан-жоса болды. Ал мен сол күні кешке әйеліммен бірге биге бардым", - деп жазды Чувало өз өмірбаянында.

Джордж Чувалоның Әлиден бөлек, Джордж Форман, Джо Фрейзер, Флойд Паттерсон, Эрни Террелл, Джерри Кварри, Кливленд Уильямс, Джимми Эллис, Бастер Матис, Даг Джонс, Оскар Бонавена, Зора Фолли, Ивон Дюрелл, Пит Радемахер сияқты басқа да атақты қарсыластары болды. Олардың ешқайсысы канадалықты канвасқа құлата алмады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

SULLY’S BOXING GYM ???? Toronto (@sullysboxinggym) жарияланымы


Дегенмен, Джорджқа ауыр салмақтағы әлем чемпионы белбеуі бұйырмады.
Бұған дейін 83 жасында панамалық әйгілі боксшы, жеңіл салмақтағы бұрынғы абсолют әлем чемпионы Исмаэль Лагуна өмірден өткен.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России