Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ақмола облысы астық экспортын Еуропаға арттыруды көздеп отыр

0
Ақмола облысының экспорттық әлеуеті жоғары. Өңір жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға жеткізу көлемін арттырып келеді.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мәліметінше, биыл да экспорттық жеткізілімдер жалғасуда. Бүгінде 2,8 млн тонна астық және 235,7 мың тонна майлы дақыл жөнелтілді.
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы дәстүрлі түрде негізгі өткізу нарықтарына Орталық Азия елдері, Қытай және басқа да мемлекеттер жатады. Биыл Еуропа елдеріне жеткізілім көлемін кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр.
Сонымен қатар облыс еуропалық серіктестермен тікелей сауда байланыстарын дамытып, бидай мен майлы дақылдар экспортын арттыруға мүдделі, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Бүгін бірқатар дипломатиялық миссиялардың өкілдері Ақмола облысына келіп, егін жинау науқанының барысымен және астық сапасымен танысты. Шетелдік қонақтарға өңірдің логистикалық мүмкіндіктері мен жергілікті агроөнеркәсіп өнімдерін шетелге жеткізудің перспективалары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Егін жинау барысымен танысу кездесу қатысушыларына Ақмола агроөнеркәсіп кешенінің жоғары әлеуетіне іс жүзінде көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шара Бұланды ауданындағы "Даниловское и К" серіктестігінің егістік алқаптарында өтті.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қуаңшылыққа қарамастан, өңірде сапалы астық жиналып жатқанын айтты. Өңір басшысының айтуынша, жиналған бидайдың шамамен 90 пайызы сыртқы нарықта сұранысқа ие жоғары тауарлық сапалы Hi-Pro класына жатады.

"Биыл мемлекет тарапынан астықты Еуропалық одақ елдеріне, атап айтқанда Балтық жағалауы порттарына жеткізу бағытында үлкен қолдау көрсетіліп отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігімен Ақмола облысының сапалы тауарлық астығын Еуропаның қақ ортасы – Брюссельде таныстыру жөнінде келісім бар. Біздің мақсатымыз – шаруашылықтарымыздың сол жаққа өздері барып, еуропалық трейдерлермен тікелей келісімшарттар жасап, сапалы Hi-Pro астығын Еуропаға тікелей жеткізуі", – деп атап өтті Марат Ахметжанов.


Нидерланд Елшілігінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі Ари Велдхаузен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетінің жоғары екенін атап өтті.

"Біз үшін өндіріс көлемі ғана емес, сапаға, технологияларға, сақтауға, өңдеуге және халықаралық нарықтарға шығуға деген қызығушылықтың артып келе жатқаны да маңызды. Бүгінгі сапар осының барлығын іс жүзінде көруге тамаша мүмкіндік береді", – деді ол.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы мәліметінше, шетелдік өкілдермен кездесу барысында негізгі мәселелердің қатарында өнімнің сапасы, оны сақтау және логистика тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологияларға ерекше назар аударылды.
Суреттер: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, Ақмола облысы елдегі жетекші астық өндіруші өңірлердің бірі ретіндегі позициясын сақтап, сонымен қатар өз өнімдерінің шетелдік нарықтардағы үлесін арттыруды көздеп отыр.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России