Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Перулық теннисші Рыбакинаны жеңетінін мәлімдеді: видео дау тудырды

0
Ерлер арасындағы әлемнің 35-ракеткасы Игнасио Бусе планетаның үздік теннисшісін жеңе алатынын мәлімдеді. Жанкүйерлердің пайымдауынша, перулік спортшы осылайша әлемнің жаңа бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаға құрметсіздік танытты, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Перулік теннисшіден подкастардың бірінде әйелдер турының өкілдерімен текетірес туралы сұралған болатын.
Оның айтуынша, ол әлемдегі кез келген теннисшіні, соның ішінде планетаның бірінші ракеткасын да жеңер еді.

- Қазір үздік 30-дыққа кіргендіктен, үздік әйел теннисшіні жеңе алар ма едің? - Иә. Неге күлесің? Жоқ, әрине, құрмет көрсету керек, ол өз алдына, - деп жауап берді теннисші. - Жоқ, бәрі дұрыс, тек сенің нық сенімділігің мені күлдірді, түсінесің бе?

Сонымен қатар ол айырмашылық шамамен әйелдер мен ерлер футболындағыдай болатынын атап өтті.

"Мәселе мынада... мен үшін әйелдер теннисі - бұл... оларды салыстыруға келмейді. Бұл мүлдем басқа нәрсе. Футболдағыдай, түсінесің бе?" - деді перулік спортшы.

Бейнеролик әлеуметтік желілерде жүздеген мың қаралым жинап, жанкүйерлердің пікірін екіге бөлді. Көбісі әлемдік деңгейдегі ойыншы мұндай мәлімдемелерге ешқашан жол бермеуі керек деп санайды.

"Әрине, Бусе оны жеңер еді, бірақ оның өз әріптестеріне жоғарыдан қарап, мұны ашық айтқаны онша жақсы көрінбейді. Егер сіз бұл сұрақты Новакқа, Надальға немесе Федерерге қойсаңыз, олар жеңуі мүмкін екенін, бірақ бұл оңайға соқпайтынын және қосымша күш жұмсауды талап ететінін айтар еді", - деп есептейді пікір қалдырушылардың бірі. "Иә, оныкі дұрыс, бірақ ол доп беруді жетілдіруі керек - Рыбакина доп беру кезінде оны тас-талқан етер еді";"Бұл оның көзқарасы: қандай да бір қорытынды жасау үшін олар бір-бірімен бәсекелесуі керек, тек соның негізінде ғана мұндай тұжырым жасауға болады; ол мұны істемейінше, оның пікірі білместіктен туған дүние болуы тиіс";"Жауабы дұрыс та шығар, иә, бірақ сұрақтың өзі артық болды, ал Бусенің мұндай нәрсеге қатысуға келіскені ақымақтық болды", - деп жазады басқа пайдаланушылар.

Дегенмен, перулікті қолдағандар да табылды.

"Бұрын ол маған ұнайтын, ал қазір тіпті көбірек ұнайды";"Егер Кирьос 2025 жылы қолайлы ережелер бойынша Соболенконы оңай жеңген болса, онда сұрақтың жауабы айдан анық";"Ха-ха, Бусенің айтқаны әбден дұрыс, бұл анық!" - деп жазады олар.


Nacho Buse ???????? әйелдер теннисінің 1-ші ракеткасын жеңе алатындығы туралы.Сондай-ақ ATP рейтингінде 100-200, тіпті 1000-шы орында болса да Пікірлеріңіз қандай? pic.twitter.com/XZA2GCLXyC
- EL MANICOMIO DE FOKINA ???????? (@Miguelcmm1) 2026 жылғы 16 қыркүйек
Ерлер әйелдермен қалай бәсекелеседі?
Айта кетейік, Бусенің мұндай мәлімдемелер жасауына ресми түрде негіз бар. Өткен жылдың соңында сол кездегі әлемнің үздік теннисшісі, беларусьтік Арина Соболенко ерлер арасындағы әлемдік рейтингтің 671-ші нөмірі, аустралиялық Ник Кирьосқа қарсы текетірес өткізген болатын.
Матч екі сетте 6:3; 6:3 есебімен аустралиялықтың пайдасына аяқталды. Тіпті корттағы өзгерістер де көмектеспеді - ұйымдастырушылар Кирьос үшін енін бірнеше сантиметрге ұлғайтқанымен, бұл әлемнің үздік теннисшісіне септігін тигізбеді.

Sabalenka SMOKES the winner past Kyrgios ????‍???? pic.twitter.com/sDvpo3qucj
- Tennis Channel (@TennisChannel) December 28, 2025
Ал қазақстандық спортшылар Сидни Суини қатысқан даулы видеоға қатысты пікір білдірп жатыр.






Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России