Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Көзге кіріп, киімге жабысады: Астанада неге шіркей қаптап кетті?

0

Кейінгі кезде Астана тұрғындарын шіркейлер әбігерге салып жүр. Қала тұрғындары серуенге шыққанда олардың қаптап ұшатынын, киімге де, денеге де жабысатынын айтып шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ұсақ жәндіктер көбейді: астаналықтар неге шағымданып жүрӘлеуметтік желі қолданушылары жәндіктердің әсіресе көшелерде және жасыл желек көп аумақтарда жиі кездесетінін жазып жатыр. Кей жерлерде тіпті серуендеу де қолайсыз болып кеткен. Ұсақ жәндіктер көзге, ауызға, құлаққа кіріп, киім мен денеге жабысады.
Тұрғындардың айтуынша, күн желсіз болғанда шіркейлер ерекше байқалады, ал жел олардан уақытша арылуға көмектеседі.
Сондай-ақ, астаналықтар бұрын-соңды күзде көп шіркейлерді байқамағанын айтып, олардың пайда болу себебіне қызығушылық танытып жатыр.
Скриншот: Threads
Скриншот: Threads
Скриншот: Threads
Мамандар жәндіктің түрін анықтады
Tengrinews.kz редакциясы осы мәселеге байланысты Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жүгінді.
Басқарма мамандары шіркейдің көбейгенін растады. Дегенмен олардың қаланы жаппай қаптап кеткені байқалмаған.
Жәндіктер көбіне шөп пен бұта өскен аумақтарда, сондай-ақ, су маңында көбірек кездесіп отыр.
Осыған байланысты мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, сынама алған. Кейін жиналған үлгілер зертханада микроскоппен тексерілген.
Сараптама олардың адамға зиянсыз бірнеше ұсақ жәндік түрі екенін көрсетті. Арасында цикадкалар (Cicadellidae), жапырақ бүргелері (Psyllidae) және өсімдік биттерінің қанатты түрлері (Aphididae) бар.
Неге дәл қазір көбейді?
Басқарма мамандары жәндіктердің қыркүйекте көбейіп, белсенді болуын табиғи әрі уақытша құбылыс деп түсіндірді. Бұл, ең алдымен, өсімдік биттерінің тіршілік кезеңіне байланысты.
Оған қоса, күн райының құбылуы мен желсіз ауа жәндіктердің бір жерге топтасуына қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан олар тұрғындарға әдеттегіден көп көрінуі мүмкін.

"Күн райы өзгеріп, жәндіктердің таралу кезеңі аяқталған соң олардың саны да, белсенділігі де біртіндеп азаяды", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России