Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Иранның одақтасы Сауд Арабиясының астанасына соққы жасады

0

Иранды қолдайтын йемендік "Ансар Аллах" (хуситтер) қозғалысы Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа зымыранмен және дронмен соққы жасағанын, сондай-ақ, Saudi Aramco мұнай компаниясының нысандарына бөлек шабуыл жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" және DW басылымдаына сілтеме жасап.

Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сари X әлеуметтік желісінде қозғалыстың жұмаға қараған түні "баллистикалық және қанатты зымырандарды, сондай-ақ, ұшқышсыз ұшу аппараттарын" пайдалана отырып, екі операция жүргізгенін жазды.

Оның айтуынша, алғашқы операция Эр-Риядтағы "маңызды нысандарға", ал екіншісі батыс жағалаудағы Янбу қаласында орналасқан Saudi Aramco нысандарына бағытталған.

Сауд Арабиясы корольдік әуе күштерінің офицері, бригадалық генерал Турки аль-Малики хуситтердің Эр-Риядқа алғаш рет баллистикалық зымыранмен соққы жасауға тырысқанын айтады. Оның сөзінше, зымыран "қолға түсіріліп, жойылған".

Түнде Эр-Риядта әуе дабылы жарияланып, кейбір тұрғындар жарылыс дыбысын естіген. Зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ. Кейінірек әуежай маңында түтін бағаны көрінген. AFP агенттігінің мәліметінше, Сауд Арабиясының ең ірі Aramco мұнай компаниясының отын резервуары өртеніп, кейін сөндірілген.

11 қыркүйекте БАҚ хуситтердің Қызыл теңіз бен Араб теңізін жалғайтын Баб-эль-Мандеб бұғазындағы стратегиялық маңызды аралдарды басып алғанын хабарлады. Бұл бұғаз арқылы әлемдік жүк тасымалының, соның ішінде мұнай саудасының шамамен 12 пайызы өтеді; Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін ол әсіресе Сауд Арабиясы үшін аса маңызды болды. Хуситтер Баб-эль-Мандеб арқылы кеме қатынасы "саудтықтардан басқа барлық коммерциялық кемелер үшін қауіпсіз" деп мәлімдеді.

Күні кеше хуситтердің Баб-эль-Мандеб бұғазының йемендік жағалауындағы Моха портын өз бақылауына алғаны белгілі болды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, хуситтердің ілгерілеуін Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) басқарып отыр. Тегерандағы дереккөздер осылайша Иран АҚШ-пен текетіресте жаңа майдан ашуды көздеп отырғанын алға тартады.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России