Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Психиатрға қашан бару керек: дәрігерлер елеусіз қалдыруға болмайтын белгілерді атады

0

Алматыда психиатриялық көмекке жүгінушілер саны артып барады. 2026 жылдың тоғыз айында психиатр мамандарға алғаш рет 12 756 адам жүгінген. Сонымен қатар, кейбір алматылықтар дәрігерге барғаннан кейін міндетті түрде есепке алынамыз деп әлі де қорқады. Қандай белгілерді елеусіз қалдыруға болмайтынын және қандай жағдайларда адамның дерекқорға енгізілетінін Tengri Health түсіндіреді.
Психиатрға қашан бару керек?Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жоғары санатты дәрігер, Алматы қаласының штаттан тыс бас психиатры Нәби Есімов бүгінде психиатрларға тек ауыр психикалық дерт кезінде ғана жүгінбейтінін айтты. Себептердің қатарында мыналар болуы мүмкін:

мазасыздық және депрессиялық бұзылыстар,бейімделудің бұзылуы,ұйқының бұзылуы,қатты стресстің салдары және басқа да жағдайлар.

Оның айтуынша, жұмысқа, оқуға немесе жақындарымен араласуға кедергі келтіретін эмоционалдық өзгерістер де маманға жүгінуге негіз бола алады.
Мінез-құлықтағы өзгерістердің негізгі белгілеріне мыналар жатады:

ұзаққа созылған торығу немесе мазасыздық күйі,үйреншікті істерге деген қызығушылықтың жоғалуы,айқын ашушаңдық,ұйқы мен тәбеттің бұзылуы,зейіннің төмендеуі және жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауы,қатты үрей немесе дүрбелеңге түсу,әлеуметтік оқшаулану,мінез-құлық пен көңіл-күйдің күрт өзгеруі.

Мұндай жағдайда, психиатрдың айтуынша, бұл күй өздігінен өтеді деп күтуге болмайды. Мүмкіндігінше тезірек кәсіби көмекке жүгінген жөн.

"Адам неғұрлым ерте жүгінсе, соғұрлым тиісті қолдау тактикасын таңдауға және жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеуге мүмкіндік көп болады", - деп ескертеді ол.

Есепке тұрудан қорқудың қажеті жоқ
Нәби Есімовтің айтуынша, кейбір алматылықтар әлі күнге дейін психологиялық көмекке жүгінуді "таңба" немесе ауыр психикалық аурудың белгісі ретінде қабылдайды. Осының салдарынан адамдар маманға баруды кейінге қалдыруы мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, психиатрға бару адамның бірден есепке алынатынын немесе ауруханаға жатқызылатынын білдірмейді.

"Егер емделуші психологиялық көмекке жүгініп, одан психикалық ауытқу анықталса, бұл ақпарат eGov жүйесінде динамикалық есепте тұрғандығы туралы факт ретінде автоматты түрде көрсетілмейді".

Психиатрдың айтуынша, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске сәйкес, адамды тек оның келісімімен ғана есепке қоюға болады. Пациент өзіне немесе айналасындағыларға қауіп төндіретін белгілі бір жағдайлар ғана бұған қосылмайды.

"Жалпы, психиатрдың кеңесі - бұл ең алдымен адамның жағдайын бағалауға, бар белгілерді түсінуге және оған медициналық көмек қажет пе, жоқ па, соны анықтауға мүмкіндік береді", - дейді Нәби Есімов.

Дәрігердің айтуынша, тіркелген психикалық бұзылыстардың саны жыл сайын шамамен бес пайызға артып барады. Сонымен қатар, ол мұны тек осындай жағдайлардың таралуымен ғана емес, сонымен бірге психологиялық және психиатриялық көмектің қолжетімді бола бастауымен байланыстырады.Қазіргі уақытта Психикалық денсаулық орталығында 18 мыңға жуық адам динамикалық бақылауда тұр.
Маманның айтуынша, тіркелген психикалық ауытқулардың ішінде бірінші орында - "ақыл-ой кемістігі", екінші орында - тұлғаның органикалық бұзылыстары, үшінші орында - шизофрения және шизотипиялық бұзылыстар тұр.
Бұған дейін біз қазақстандықтардың өз емханасында психологқа тегін жүгіне алатыны туралы жазған болатынбыз. Бұл медициналық қызметті қалай пайдалануға болатыны және пациентке қанша көмек сеансы берілетіні туралы - мына жерде.







Губернаторы России





Губернаторы России
103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России