Алматы полицейлері желіде танысудың қаупін ескертті
Қылмыстық схема өте қарапайым: жігіт танысу сайтында қызбен танысып, кездесуге келіседі, содан кейін пәтерде оңаша қалады. Кенеттен оның ағаларымыз деп таныстырған бейтаныс адамдар пайда болады. Әрі қарай – қорқыту, ақша бопсалау және тонау. Романтикалық таныстық қылмыстық тұзаққа айналады.
Оңтүстік астанада мұндай әдістер бұған дейін тұтас қылмыстық топтардың ұсталуына себеп болған. Жыл басынан бері төрт топ анықталып, ұсталып, сотталды.
Полициядағылар зиянсыз көрінген хат-хабардың артында алдын ала жоспарланған қылмыс жасырылуы мүмкін екенін ескертті.
"Бейтаныс жерлердегі күмәнді кездесулерге келіспеңіздер, қырағылық танытыңыздар және қауіп төнген алғашқы белгілер байқалса, дереу полицияға хабарласыңыздар", - деп кеңес берді ведомство.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)
