ОҚО-да 703 балабақшада 70,1 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы балабақша жүйесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында кеңейту жұмыстары бойынша республикада көш бастады. Бұл бағыт аясындағы тапсырманы елімізде алғаш болып қолға алған өңірде бүгінгі таңда 703 балабақшада 70,1 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.