ШҚО-да «Мақаншы-Жалаңашкөл» жолында көлік қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 24 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) «Мақаншы-Жалаңашкөл» (0-133 шақырым) облыстық маңызы бар жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.