25 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.