27 қаңтарда Қазақстанның кейбір аймақтарында қар жауады, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аймақтарында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын болып, тек батыс пен шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.