Жекешелендіру барысында облыстық бюджеттер 3 483 млн. теңгеге толықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың маусымы мен 2016 жылдың қаңтары аралығында 492 нысан жекешелендіруге жатады. Ал 2016 жылдың 28 қаңтардағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 430 нысан шығарылып, 243-і сатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.