Елордада актриса Бақыт Жұмағұлова «Ана жүрегі» атты моноспектаклін ұсынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 ақпан кешкі сағат 18.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында актриса Бақыт Жұмағұлованың сомдауында «Ана жүрегі» атты моноспектакльдің премьерасы өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.