БҚО: Тәртіптік кеңестердің орнына енді әдеп жөніндегі кеңестер іске кіріседі (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан реформалар аясында 2016 жылдан бастап тәртіптік кеңестердің орнына енді әдеп жөніндегі кеңестер іске кіріседі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин мәлім етті.