Прокурорлар азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға өздерінің қатысуын қысқартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кейбір азаматтық істерде прокурорлар өздерінің қатысуын қысқартады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Бас Прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті басшысының орынбасары Марат Әбішев мәлім етті.