БҚО: Сырым ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» басталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Сырым ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 игі іс» атты шаралар бастау алды. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен аудан әкімі Абат Шыныбековтің тұрғындармен есептік кездесуінде мәлім етілді.