Астаналықтар «Белсенді азамат» акциясына қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Конгресс-холлда барлық қалалық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. «Белсенді азамат» акциясы аясында өткен шара барысында елорда тұрғындары қалада тұру жайлылығы мен сапасын арттыру мақсатында қалалық инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар мен сауалдарын жолдады, деп хабарлады astana.gov.kz.