Қыздар университетінде ерекше заттар көрмесі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қажет емес заттардан жасалған бұйымдарға арналған ерекше көрме өтті. Мектепке дейінгі және бастауыш кафедрасы тұрмыстық заттардың қалдықтарынан жаңа зат жасау арқылы студенттердің шығармашылығын дамыту, педагогикалық мамандықтар студенттерінің экологиялық мәдениеті мен көркем шығармашылық саласындағы кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды, деп хабарлады оқу ордасының баспасөз қызметінен.
