АУА РАЙЫ: 11 ақпанда Қазақстанның солтүстігінде қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа атмосферасының фронтальды бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың солтүстік-батыс және солтүстігінің кей жерлерінде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшейуі күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.