Біздің заманымыздағы жаңа Титаниктің суреттері жариялана бастады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Buzzfeed сайты жасалып жатқан жаңа «Титаник ІІ» кемесінің сызбаларын жариялады, ол 1912 жылы алғашқы сапарында-ақ батып кеткен алғашқы алып кемеге ұқсайды. Жобаны іске асыруды австралиялық магнат Клайв Палмер өз жауапкершілігіне алған. Жоспар бойынша, кеме 2018 жылы Қытайдың Цзянсу портынан Дубайға аттанады.