Аты аңызға айналған «Жамбыл» атты эпикалық дастан «Қазақстан» арнасында (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына қарсы «Қазақстан» телеарнасы 4-сериялы аты аңызға айналған поэзия алыбының өмірі жайлы тарихи драма әзірледі. Фильм «Қазақстан» арнасында 28 ақпанда, яғни ақынның туған күнінде көрермендер назарына ұсынылады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.