ОҚО-да өндірілген 5,2 млн текше метр жер асты қазбалары елімізде сапалы жол салуға жетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да 5,2 млн. текше метрден астам пайдалы қазбалар өндірілген. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының мәліметінше, өткен 2015 жылы облыста 3853,3 мың текше метр құм-шағал қоспасы, 1024,3 мың текше метр сазды топырақ, 329,4 мың текше метр құм өндірілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.