БҚО-да мәдениет саласына 5,9 млрд. теңге бөлініп отыр (ФОТО)
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биыл мәдениет саласына 5,9 млрд. теңге бөлініп отыр, бұл өткен жылғыдан 1 млрд. теңгеге артық. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов мәлім етті.