Денсаулығыңыз мықты болу үшін қанша су ішу керек?
Күнделікті қанша мөлшерде су ішу керек ?-деген сұраққа нақты жауап жоқ. Себебі, бұл бірнеше факторға байланысты ( сіздің денсаулығыңыздың жай-күйі, белсенділіктің дәрежесі және т. б.). Әдетте, біз әр күні терлеу, дем алу және кіші дәретке шығу арқылы көп су мөлшерін жоғалтамыз.Мұның соңында - жоғалтқан судың орнын қайта толтыру қажеттілігі туындайды.