Жасыл желекті заңсыз отаған мейрамхана басшылығы аллея отырғызуға міндеттелді - Алматы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше талды заңсыз кескені үшін «Пугасов» мейрамханасының әкімшісі жұмыстан қуылды. Енді мейрамхана басшылығы мемлекет қазынасына 63 630 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.