ШҚО-да мемлекеттік сатып алулар байқауына 17 нысан шығарылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгінде бірыңғай ұйымдастырушы 17 нысан бойынша мемлекеттік сатып алулар байқауын жариялады, олардың арасында білім беру, құрылыс нысандары, автомобиль жолдары бар, деп хабарлады баспасөз конференциясында ШҚО мемлекеттік сатып алулар және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Нұрлан Можанов.