10 наурызда еліміздің оңтүстігі мен батысында жел күшейеді, кей жерлерде қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың оңтүстік және батыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшеюі, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.