Жұма күні еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 наурызда Қазақстанның батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.