Ұлттық сусынның сырын ашқан туындылар
Ұлттық сусын туралы жазбалар мен әдеби шығармаларды жинастырып,қымыздың көптеген шығармаларға арқау болғанына көзім жетті.Дүкенбай Досжанның «Қымыз» әңгімесі ерекше әсер қалдырды. Қазақтың бал сусыны қымызды зерттеуге бүкіл ғұмырын ,яғни 60 жылын арнаған Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлхарнай Сейітовтің еңбегін зор бағалап, болашақта мен де осы кісінің жұмысын жалғастырып, био-технолог мамандығын таңдап, ол атамыз жете алмаған жетістікке жетіп, қазақтың сусыны қымызды брендке айналдырғым келеді.
Әр қазақ Дүкенбай Досжанның этнографиялық шығармасын оқып, болашақта шығармадан алған тәлім-тәрбиесін өзі қолданып, ұрпағына аманат етсе, қазақ баласы түрлі денсаулығымызға зиян сусындарды ішпей, бие сауып,күбі пісіп, қымыз ішсе деген тілегім бар.