МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі қауіпсіздік және ядролық таратпау жөніндегі ұтымды модельге айналуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурызда Швеция астанасындағы Стокгольмдік әлем мәселелерін зерттеу институты (СӘМЗИ) Қазақстанның Швециядағы Елшілігімен бірлесіп «Ядролық қауіпсіздік және қаруланбау саласындағы сын-қатерлер мен үміттер: МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкі (ТБУБ) ядролық таратпау және энергетикалық қауіпсіздік үшін ұтымды модельге айналуы мүмкін бе?» тақырыбында семинар өткізді.