Шымкентте полицейлерден қашқан Лада көлігінің жүргізушісі ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полицейлерден қашпақ болған Лада приора жүргізушісі ұсталды. Ал қызметтік көлігімен адам қаққан тәртіп сақшыларының әрекеті жазылған бейнежазбаны жергілікті полиция басшысы жария етті. Қазір сол айғақты дүниені негізге ала отырып, жан-жақты сараптамалар тағайындалған.