Н. Назарбаев Брюссельдегі лаңкестік актілеріне байланысты Бельгия Короліне көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Брюссель қаласында болған террорлық актіге байланысты Бельгия Королі Филиппке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.