Т. Донақов: Мемлекеттік қызметке келетін шетелдік мамандар жалақыны арнайы қордан алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметтегі шетелдік мамандар жалақыны Үкімет тағайындаған арнайы қордан алатын болады.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет министрі Талғат Донақов мәлім етті.