Қазақ халқында етікшілік өнер ежелден жақсы дамыған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халқы аяқ киімді өте ертеден-ақ қажетіне қарай тігіп, пайдалана білген. Етікшілік өнердің дамып, өркендеуіне байланысты етікші шеберлер аяқ киім түрлерін олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты түрлендіріп отырды. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған талаптарға байланысты қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлерге бөлінді.