АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, тек еліміздің шығыс өңірінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте түнде көктайғақ болады.