Жастықта шалыс баспағын!
Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жетім балалардың жай-күйі. Анығырақ айтсақ: қарыны тоқ, киімі көк желіккен жастардың қызық қуып, соңынан опық жеп, өзгені де өкіндіріп жататыны. Бұлай деуім, болашағы бұлыңғыр дүниеге ойланбай араласып, ұлтымыздың менталитетіне мүлдем жат ойын-сауық ортасында қызық қуып, намысы мен ар-ұяттан жұрдай болған өрімдей бойжеткендер тым көбейді.