NASA Плутон бетінен өрмекші торына ұқсас жарықтар тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - NASA Плутон бетінің жаңа суретін жариялады. Онда шағын планетаның мұз жазықтығындағы бір аумақта алты жарық анық көрінеді. New Horizons миссиясының геологтары осыған ұқсас нысандардың Күн жүйесінің Плутоннан басқа бірде-бірінде табылмағанын атап өтуде.